Алматы қаласында қаламгер қауым тағылымды естеліктермен өрілген мазмұнды іс-шараларға куә болды. «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ұлан» газетінің 95 жылдық мерейтойы «Мысль» журналының 105 жылдығымен сабақтасып, оны «Ana tili» газетінің 35 жылдығы жалғады. Осылайша, мазмұнды мерейтойлар легі «Aq jelken» журналының 100 жылдығымен түйінделді. ...
Міне, тағы бір оқу жылы мәресіне жетті. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2024–2025 оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 217 мың оқушы мектеппен қоштасып, түлек атанды. 23 мамыр – ресми түрде барлық мектеп үшін соңғы оқу күні болып бекітілген. Осы күні республика көлемінде бірыңғай форматта «Білімім – Отаныма» атты сынып сағаты ұйымдастырылды. Айтулы күнде біз Астана қаласындағы Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясына арнайы барып, соңғы оқу күніне қатысып қайттық. ...
Бүгінде бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің бірнеше тетігі бар. Оның бірі – кешенді бағдарлама шеңберінде іске асатын бизнестің жол картасы мен қарапайым заттар экономикасы. Қазір жол картасы негізінде дайындалған бағдарламаның арқасында кәсіпкерлердің өрісі кеңіді. ...
Тарихқа жүгінсек, «Ауыл» партиясын құру идеясын академик Ғани Қалиевке мен айтқан едім. «Екеуміз де «Отан» партиясынан шығайық. Альтернатива, демократия, бәсекелестік керек. Біз ғалымбыз, ал ғылым келешекті болжай біледі. Халқымыздың жартысы ауылда, тегіміз де ауыл», деген оймен бөлістім. Сонымен құратын болдық, жұмыс жүріп жатыр. Ғ.Қалиев ғылыми зерттеу институттарын, ғалымдарды тартуды мойнына алды. Мен құжаттарды, партияның бағдарламасын дайындап, зиялы қауымды ұйымдастыратын болдым. ...
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевтың өмір жолы өнегеге толы. Шалғайдағы ауылдан шыққан қарапайым қазақ баласы талай белесті бағындырды. Түрлі жоғары лауазымды қызметті абыроймен атқарды. Отандық мұнай саласын жаңаша дамытты. Дипломатия саласында да қолтаңбасын қалдырды. Парламент төрінде елдің сөзін сөйледі. Ғылым биігіне көтеріліп, экономика ғылымдарының докторы, профессор атанды. Қысқасы, айтулы тұлға ел тәуелсіздігінің іргесін нығайтуға сүбелі үлес қосты. Біз Равиль Тәжіғараұлымен өмірі мен еңбек жолы, еліміздегі мұнай саласының дамуы мен тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосқан кезеңдерге тоқталып, әсерлі әңгіме өрбіткен едік. ...
Сенатта өткен кезекті Үкімет сағатында жол мәселесі қаралды. Депутаттар елдегі автомобиль жолдарының қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды. ...



Эксклюзив
Оқи отырыңыз
Сарапшылар
Көп оқылғандар